$ 439.43  473.31  4.82

«Ғимаратта бомба»: Өскеменнің бірнеше мектебінен оқушылар тағы эвакуациялануда

Халықтан сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Фото: yar.mk.ru
Фото: yar.mk.ru

Өскемен қаласында осы аптада үшінші рет мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 ақпанда түскі уақытта полицияға Өскемендегі бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандандырылған қызметтер білім ордаларының ұжымы мен оқушыларды эвакуациялады.

«Қазіргі уақытта әр мектеп іші тексеріліп жатыр. Халықтан сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл осы апта ішінде мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай. Ең бірінші, 6 ақпанда Өскеменде сот және мектеп ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабарланды. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Мектепке бомба қойылғаны туралы хабар кеше тағы түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.

Тексеру нәтижесінде бомба жоқ болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бомба #мектеп