10.02.2023, 16:40

«Үйінді астындағы адамдардың алтынын алып кеткен». Түркияда жер сілкінісінен кейін тонау көбейді

Фото: РИА Новости
Оның айтуынша, көбі - сириялық мигранттар.

Түркия парламентінің депутаты Үміт Оздаг жер сілкінісінен кейін тонау көбейгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Известия IZ". 

Оның айтуынша, көбі - сириялық мигранттар. "Известия" телеарнасы мәліметінше, адамдар үйінді астындағы адамдардың алтын бұйымдарды алып кетіп жатыр.

Бос дүкендер мен үйлерден тонаушылар азық-түлік, техника мен жиһазды алып кеткен. Көптеген адам бұған мәжбүрлі түрде барған, өйткені барлығына бірдей гуманитарлық көмек жетпеген. 

Дереккөз: massaget.kz