Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Кордоба (Аргентина) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп топырақ төсенішінде өтіп жатқан додада алдымен бразилиялық Марсело Мело – португалиялық Жуан Соузаны 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
А.Недовесов – А.Голубев ширек финалда аргентиналықтар Гвидо Андреоцци – Гильермо Дюраннан айласын асырды – 3:6, 6:3, 10:6.
Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандықтар 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
А.Голубев пен А.Недовесов финалға шығу үшін турнирдің екінші ракеткалары, аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен таласады.