Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 7.65 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып қиды.
Тайбэйлік Чем Куе Ру (7.68) екінші, жапониялық Шукей Ишикава (7.70) үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Д. Ефремов алтыншы алтынды жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынында 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медаль бар.
Сонымен, үш күнге созылған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия біріншілігі мәресіне жетті.