$ 494.87  520.65  4.91

Зілзалада Ататүріктің суретіне бірде-бір зақым келмеген

Бұл Түрік халқына жаңа үміт сыйлағандай болды.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

​Жер сілкінісінен кейін қираған ғимарат қабырғасында ілулі тұрған Ататүріктің фотосуреті Түрік жұртының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зілзалада Ататүріктің суретіне бірде-бір зақым келмеген
Хатай қаласында қираған бірнеше үйдің қабырғасында Мұстафа Кемал Ататүріктің портреті ілініп тұр.

Бұл Түрік халқына жаңа үміт сыйлағандай болды. Кезінде Мұстафа Кемал Ататүрік Хатай елдімекені жайлы: "Түрік жерін жаудың қолына қалдырмаймын. Хатайды міндетті түрде аламын" деген екен.

Бұған дейін бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қаланы Француздар жаулап алған. 

Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстарының жетінші күні. 72 елден 10 мыңнан астам құтқару тобы келді. Қазір ол күн-түн демей іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары