Алматыда жоғалып кеткен ер адам мен әйел адам өлі табылды. Істің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram-парақшаларында хабарлады.
Лариса Козлова 1969 жылы туған, ол 6 ақпанда із-түссіз жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, оралмаған. 11 ақпанда өлі табылды.
Атилла Элалды 1981 жылы туған. 11 ақпанда Алматыда жоғалып кеткен. Ер адам үйінен шығып кеткен. Келесі күні өлі табылған.