$ 481.84  531.33  5.07

«Дәретханадан пышақ пен балта ұстап шықты»: Петропавлда үш оқушыны жаралаған бала жайлы тың мәлімет шықты

Оның айтуынша жарақат алған балалардың екеуі ұл, біреуі қыз болып шықты.
Фото: azattyq ruhy
Фото: azattyq ruhy

Петропавлда орта мектеп оқушысының балта мен пышақ ұстап, балаларды жарақаттау фактісіне қатысты Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков алғашқы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ресми өкіл журналистердің «қазір ол оқушы қайда, ұсталды ма, бұрын психикалық диспансерде тіркеуде тұрды ма?» деген өзекті сұрақтарына жауап берген жоқ. Дегенмен оның айтуынша, мектеп толығымен күзетілетіне қарамастан, оқушы суық қаруларды сөмкесіне салып, алдымен дәретханаға кіріп, сол жерден қаруланып шыққан.

«Қазір баланың қайда екенін айта алмаймын, өйткені бұл іспен тергеу органдары айналысып жатыр. Алдан ала болжам бойынша ол суық қаруды сөмкесіне салып әкелген. Оқушылардың сөмкесін күзетшілер ешқашан тексермейді, тінтпейді. Бұған ешкімнің құқығы жоқ, оны өте жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Ешбір адам баланың сөмкесін тексеруге қақысы жоқ. Сондықтан балта мен пышақты сөмкесіне салып әкеліп, дәретханаға кірген. Дәретхананың ішінде балта мен пышағын алып шыққан», - деді ол.

Оның айтуынша жарақат алған балалардың екеуі ұл, біреуі қыз болып шықты. Олар – әртүрлі сыныптың оқушылары.

Жарақат алған балалардың бірі тоғызыншы, екіншісі оныншы сыныпта оқиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары