Астанада жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы 10-шы Азия чемпионаты аяқталды. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 12 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 3 күміс және 3 қола, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан спортшылары жүгіруден Азия чемпионы атанды:
Кэролайн Кипкируи - 3000 метр; Элина Михина - 400 метр; Ерлер эстафетасы: Михаил Литвин, Вячеслав Земс, Эльнор Мұхитдинов және Андрей Соколов – 4х400 метр; Әйелдер эстафетасы: Элина Михина, Аделина Земс, Александра Залюбовская және Кристина Кондрашова – 4х400 метр; 60 метрге кедергілермен жүгіру – Давид Ефремов; биікке секіру - Надежда Дубовицкая.Күміс медальмен марапатталғандар:
Михаил Литвин - 400 метрге жүгіру; Ольга Сафронова – 60 метрге жүгіру; Кристина Овчинникова – биіктікке секіру.Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальдарды мына спортшылар салды:
Ақбаян Нұрмамет – 1500 метрге жүгіру; Шедрак Қимұтай – 3000 метрге жүгіру; Елизавета Матвеева - биіктікке секіру.Аталған 12 медаль Қазақстан құрамасының спортшыларына 2023 жылғы Азия чемпионатының медальдық есепте екінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Ал Жапония өкілдері жалпыкомандалық есепте көш бастады: 15 медаль (6 алтын, 5 күміс, 4 қола).
Үздік үштікті Катар құрамасы түйіндеді: 8 медаль (2 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола»).