$ 483.23  534.74  5.12

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері тұрғындарды «дабыл чемоданын» жинауға шақырды

Біз сейсмикалық аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет.
Скриншот: ҚР ТЖМ
Скриншот: ҚР ТЖМ

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкіністері Қазақстанда да жер сілкінісі қаупі бар аймақтардың бар екенін және өзіңді сақтандырудың артық етпейтінін еске салды. Осыған орай Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «дабыл чемоданын» жинау бойынша бейне жадынама дайындады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Дабыл чемоданы бұл - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы.

“Біз сейсмикалық аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет. Оның ішінде ақша, құжаттар, дәрі қобдишасы, бір адамға тәулігіне 3-4 литр есебінде су, консервілер, жоғары калориялық тағам, жеке гигиена құралдары, жылы киім, көрпе, радиоқабылдағыш, фонарь, сіріңке, құралдар және ысқырық болуы қажет”, – делінген бейне жадынамада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары