13.02.2023, 12:40

«Боран, көктайғақ»: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: Фото: e1.ru
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп  хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжитындықтан, жұмыс аптасы бұлтты ауа райынан басталады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламада.

16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыста және оңтүстікте жел күшейеді. Ал температуралық фонда өзгерістер болмайды.

Тегтер: ауа райы