13.02.2023, 15:20

«Үш өңірде су тасқыны болады» – Қазгидромет

Фото: sputnik.kz
Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірдегі өзендер суының көтерілетіндігі туралы хабарлады.

Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірдегі өзендер суының көтерілетіндігі туралы хабарлады деп жазды turkystan.kz.

«13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі», – делінген хабарламада.