Кеше, 4 тамыз күні Павлодардағы 3-ЖЭО-да №2 қазандықтың бас бу құбырына зақым келді, деп хабарлайды Pavon.kz.
Оқиға нәтижесінде бүкіл станцияның жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сондай-ақ, апатты жағдай салдарынан орталықтың 25 жасар қызметкерін айтарлықтай күйік шалған.
«Апатты жағдайды ауыздықтау үшін барлық қазандықтар мен құбырлардың жұмысын тоқтатуға тура келді. Ал, қысымды өшіру үшін ауаға жіберілді. 3-ЖЭО-да қалпына келтіру жұмыстары және тұтынушыларды қосымша электр желілеріне қосу жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «ПЭТК» АҚ Павлодар қаласын электрмен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның бірыңғай электроэнергетика жүйесіне қосты.
Сағат 19:30-ға дейін алдында автоматты түрде ажыратылған тұтынушылар қайтадан электр қуатымен қамтамасыз етілді.