$ 498.34  519.72  4.85

Оқушыларды балтамен жарақаттаған баланың желіде тапсырма орындағаны рас па?

Алайда ағаштардың орнына бейкүнә мектеп оқушылары нысанаға айналған.
Фото: azattyq ruhy
Фото: azattyq ruhy

Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды пышақ пен балтамен жарақаттаған мектеп оқушысы желіде тапсырма орындап жүрген, деп хабарлайды Петропавлск.news.

«Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы төрт ағашты кесуді талап ететін онлайн ойын тапсырмасын орындап жатқан. Алайда ағаштардың орнына бейкүнә мектеп оқушылары нысанаға айналған. Білім басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналардың тыйымына сілтеме жасап, ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы туралы толық ақпарат бермеді. Біз тек балалардың аман қалғанына үміттенеміз» делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Петропавлдағы №4 орта мектепте 13 ақпан күні таңертең 9-сынып оқушысы 10 және 9-сыныптардың үш оқушысын балтамен жаралаған оқиғадан кейін жан түршігерлік атмосфера орын алған.

Еске салсақ, шабуыл 13 ақпан күні сағат 7:50-де болған. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ алып келген. Ол үш баланы – екі ұл және бір қызды жаралаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігінің 1, 14-тармағы (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары