$ 490.84  536.88  5.04

«Дара» қоры мен Перкинс мектебі зағип балалар үшін білім беру жүйесін жақсартады

Жобаның алғашқы бенефициары - Алматыдағы Островский атындағы №4 мектеп. Бұл  зағип және нашар көретін балаларды оқытатын Қазақстандағы ең көне мектеп саналады.
фото: dara.kz
фото: dara.kz

«Дара» қайырымдылық қоры Перкинс (АҚШ) мектебімен үш жылдық келісім-шартқа отырды. Тараптар көру қабілеті бұзылған балалардың сапалы білім алуына қолжетімділікті жақсарту мақсатында ынтымақтастық орнату туралы уағдаласты, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Жобаның алғашқы бенефициары - Алматыдағы Островский атындағы №4 мектеп. Бұл  зағип және нашар көретін балаларды оқытатын Қазақстандағы ең көне мектеп саналады.  Алматы қаласының білім басқармасы, Дара қоры және №4 арнайы мектеп-интернаты көру қабілеті бұзылған және көптеген даму кемістігі бар балаларға арналған білім беру жүйесін жетілдіру бағдарламасын іске асыру бойынша меморандумға қол қойды. 

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі осы жылдың 6 ақпанында басталды. Еуропа және Еуразия бойынша Перкинс мектебінің директоры Дария Удовивич және Перкинс мектебінің жаттықтырушысы және кеңесшісі Соня Алимович Алматыдағы Островский мектебіне барды. Халықаралық мамандар оқыту бағдарламасымен танысып, балалардың интернатта өмір сүру жағдайларын көріп, топтарда жұмыс істейтін мұғалімдермен кездесті. 

Перкинс мектебі білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Ол 1829 жылы ашылған АҚШ-тағы ең көне білім беру мекемесі. Көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ 3 жастан 21 жасқа дейінгі көптеген даму ақаулары бар балаларға жан-жақты білім береді. Соның ішінде құлақтары естімейтін және көздері көрмейтін балалар бар.  Мектеп әлемнің 97 елінде жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 11 мектеп ашылып, онда 1450-ге жуық бала білім алуда. Алматыда көру қабілеті нашар балалардың саны шамамен 456. Олардың жартысынан астамы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында оқиды. Сонымен қатар, үйде оқитын балалар мектепке бекітіледі.

Жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру аясында Островский атындағы №4 мектептің мұғалімдері еліміз бойынша осындай мектептерде жұмыс істейтін әріптестерімен өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.  

Анықтама:

«Дара» Қорының миссиясы - жетім балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту, қоғамға бейімдеу және ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен қатар, Қор мүгедектер мен жетім балалардың құқықтарын жүзеге асыру бөлігінде заңнама мен тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, басқа қоғамдық ұйымдармен реформаларды ілгерілетуде ынтымақтасып жұмыс істейді.

Байланыс үшін:

Дина Жаңғылышева – «Дара» қорының PR менеджері
+7 708 404081
info@dara.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары