14.02.2023, 12:00

Кішкентай қыздың жасаған қайырымдылық ісі Түркия елшісінің жүрегін елжіретті

Фото: видеодан скриншот КТК арнасы
Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге берген.

Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың қолдауын сезінетінін айтты.

"Бұл қорапты бізге кішкентай қыз әкеліп берді. Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге бергісі келетінін айтты", - дейді Махмуд Шевкет Байрам.

Сонымен қатар, оның сөзінше, апат болған жерлерде мобильді электр генераторлары, шатырлар, ұйықтайтын сөмкелер мен жылытқыштар жетіспейді.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтар Түркияға 3 миллион доллар көлемінде ақша жіберген.