14.02.2023, 16:00

Қашаған кен орнында бір жұмысшы қайтыс болды

фото: primeminister.kz
Сондай-ақ басылымда мердігер компания қызметкері кенеттен қайтыс болғаны жазылған.

Қашаған кен орнының "Д" жасанды аралында жұмысшы қаза тапты. NCOC компаниясы жұмысшы қазасы өндіріске қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

AtyrauPress басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 9 ақпанда болған.

Сондай-ақ басылымда мердігер компания қызметкері кенеттен қайтыс болғаны жазылған.

"Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкері кенеттен қайтыс болғанын өкінішпен растайды. Қызметкер қазасының өндіріске қатысы жоқ", - деді NCOC компаниясының баспасөз қызметі.