$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмысшы 90 пайыз күйіп қалды»: Солтүстік Қазақстанда газ құю станциясында жарылыс болды

Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында газ құю станциясының жұмыскері ауыр жарақат алды. Оның денесі 90 процентке күйіп қалған. Бұл туралы Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жұлдыз Есенғазиннің айтуынша, бұл оқиға Явленка ауылында болған. Газ құю станциясында бес литрлік газ баллоны жарылды.

"Станцияның 42 жастағы жұмыскері газды өлшеуге арналған бес литрлік баллонды оператор отыратын бөлмеге кіргізген. Оны баттареяның жанына қойған. Содан баллон жарылып, артынан өрт басталған. Ер адамның денесі 90 процентке күйіп қалды", - дейді Жұлдыз Есенғазин.

Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары