$ 494.87  520.65  4.91

Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов Желіде дау тудырған ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазған ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары