$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда екі адамның өмірін жалмаған жол апаты болды

Тағы бір жүргізуші мен 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Фото: Полиция департаменті
Фото: Полиция департаменті

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші оқиға орнында, бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Тағы бір жүргізуші мен 3 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін, 15 ақпанда сағат 15:00 шамасында болған.

«Бүгін «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолдың 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1997 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 1962 жылғы жолаушы ауруханада қайтыс тапты. Түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен Тoyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы Махамбет аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Жол апатынан кейін Toyota Ipsum көлігі өртеніп кетті.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеуді Махамбет аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары