"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ болса, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар синоптиктер солтүстік өңірлерде кейде жел күшейіп, бұрқасын болады деп болжап отыр.