16.02.2023, 07:00

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Алдағы үш күнде елде ауа райы қандай болады

Фото: newtimes.kz
Сонымен қатар синоптиктер солтүстік өңірлерде кейде жел күшейіп, бұрқасын болады деп болжап отыр.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ болса, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсуі мүмкін.

Сонымен қатар синоптиктер солтүстік өңірлерде кейде жел күшейіп, бұрқасын болады деп болжап отыр. 

Тегтер: ауа райы