$ 443.37  474.49  4.83

Қостанайда студент колледжге пышақ алып кірмек болған

Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған.
Фото: nazarnews.kg
Фото: nazarnews.kg

Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған. 

“Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді”,-деп жазады дереккөз. 

Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен, студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары