Украина Президенті Владимир Зеленский өз еліне көрсетілген гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңда ықпалдастық мәселесін талқыладық. Сондай-ақ мен Украинаға гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірдім», - деп жазды Владимир Зеленский Telegram-дағы жеке каналында.
Бүгін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.