17.02.2023, 10:20

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген тағы бір ұшақ Түркияға аттанды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін, Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілетінін хабарлаған едік.