$ 443.44  480.51  4.88

Данияр Елеусінов WBC рейтингінен шығып қалды

Бұған дейін Елеусінов рейтингте 20-орында болған.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Дүниежүізілік бокс кеңесінің рейтингінен шығып қалды деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін Елеусінов рейтингте 20-орында болған. Бұл боксшының жекпе-жектер өткізбеуімен байланысты болуы мүмкін. Себебі ол соңғы рет 2021 жылдың желтоқсанында шаршы алаңда жұдырықтасқан еді. 

Сонымен қатар Халықаралық бокс ұйымы Елеусіновтен ІВО белбеуін қайтарып алған еді, өйткені ол ұзақ уақыт белбеуді қорғамаған. 

Жақында қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттыққан. Дегенмен рингке қайта оралуына қатысты нақты мәлімет жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары