17.02.2023, 22:30

Алматы әкімдігін қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлінеді

фото: zakon.kz
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған.

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған деп хабарлады turkystan.kz.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 теңге сомасында қаражат бөлінсін», – делінген Үкімет қаулысында.