Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін 278 сағат өткенде үйінді астынан ер адам аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
45 жастағы Хакан Ясиноғлы он бір күннен бері Дефне ауданындағы құлаған ғимараттың астында жатқан.
Іздеу-құтқару тобы тас-талқан болған үйдің қирандыларының астында тірі адам бар екенін анықтады.
Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеп, нәтижесінде ер адам құтқарылды.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.