Өткен тәулікте елімізде 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, бір адам осы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
18 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 472+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 4 адамның жағдайы ауыр, • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.