$ 498.34  519.72  4.85

«Мені халық емес, депутаттар сайлады»: Әкімнің сөзі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Тұрғындардың бірі әкімді халық сайлағандықтан, оқиға орнына келуге міндетті екенін айтады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылдық округының әкімі Жасұлан Оңалбаевтың халыққа айтқан сөзі желіге қызу талқыланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындардың бірі әкімді халық сайлағандықтан, оқиға орнына келуге міндетті екенін айтады. 
"Қателесесіз. Мені депутаттар сайлады. Келесі жолы тағы сайлауға түсемін, сол кезде халық таңдайды", – деді Жасұлан Оңалбаев. 

Кейін ауыл тұрғынының "Сонда халыққа емес, депутаттар үшін жұмыс істейсіз бе?" деген сауалына әкім бастапқыда "Әрине, жоқ" деп жауап беріп, артында "Иә" деп қосты. 

Алматы облысы Іле ауданы этика бойынша уәкіл әкіммен түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызметкерлер этикасы кодексін сақтау керегін де қосып өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары