19.02.2023, 05:01

Танымал әзілкеш марқұм әкесін еске алып, көз жасын тоқтата алмады

Әкең болғанда бәрі оп-оңай...

Танымал әзілкеш Ақболат Өтебай марқұм әкесін еске алып, көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Назар аудардың тойларында бір-біріміздің әке-шешеміз келеді. Сол кезде бәрі ерлі-зайыпты болып, әкесі мен анасы болып сөйлеп тұрады. Ал сенің анаң жалғыз сөйлеп тұрған кезде көңіліңе аласың ғой. Жүректен "ұрып" жібереді", - дейді актер журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында. 

Ақболат Өтебайдың сөзінше, әкесі актердің балаларын, яғни немерелерін көріп үлгермеген. 

"Ешқайсын көрмеді. Өте жас кезінде, 44 жасында кетті. Ол кезде жасым 22-де еді. Сосын барлық жауапкершілік маған артылатынын түсіндім. үйлену керегін түсіндім. Үйлендім. Үйлі болдым, ештеңеге өкінбеймін. Төрт балам бар. отбасым маған сенеді, соны сеземін", - дейді Ақболат Өтебай. 

Ол театрмен бірге концерт беріп, марқұм әкесі алдыңғы қатарда отырып тамашалағанын армандағанын айтты.

"Туған інім Нұрлан әкемнің ролінде жүргендей көрінеді. Сол арқылы бәрін біліп отырамын. Әкеме жасағым келген жақсылықты сол ініме жасаймын (...) Әкең болғанда бәрі оп-оңай...", - дейді актер.