Петропавлда секциялық типтегі жатақханада өрт шығып, құтқарушылар 107 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 13-і – бала деп хабарлады, Sputnik Қазақстан.
Өрт бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бөлмеде шыққан. Өрт аумағы -20 шаршы метр.
«Оқиға орнында 41 адам жұмыс істеді, 13 техника жұмылдырылды. 107 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13-і – бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, ғимараттың бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.