$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда полиция капитаны қызмет орнында кенеттен көз жұмды

Ол жайында Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Қарағандының учаскелік полиция бекеттерінің бірінде тәртіп сақшысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін, 19 ақпан сағат 14:40 шамасында болған. Ол жайында Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжам бойынша қойған диагнозына сәйкес, жүрегі тоқтап қалған», - деп мәлімдеді департаменттен.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы әріптестерінің туған-туыс, жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары