Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшыларға келсек, екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) 11-орыннан 10-ға көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО). Сондай-ақ, бұл дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) рейтингіде үшінші орында тұр. Супер орта салмақта Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 12-орында қалды.
Жәнібек Әлімханұлына келсек, өткен жылдың тамыз айында ол толыққанды WBO чемпионы атанса, қараша айында британдық боксшы Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңді.