"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 20 ақпанда республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 ақпанда Скандинавия циклоны ойпатының және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – бұрқасын, батыс облыстарда және кей жерлерде қар жауады, оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Ауа райы болжамына сәйкес, тек республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды.
Астанада кей жерлерде боран соғады. Жолдар көктайғақ болады. Таңертең және күндіз оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, батыстан оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда: 20 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда: 20 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде баяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыста, облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, батыста, облыс орталығында тұман күтіледі. Ақтауда: 20 ақпанда тұман күтіледі.
Солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында баяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте, шығыста оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні секундына 15 метр болады.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстіктен соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 20 ақпанда күндіз қарлы боран күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда 20 ақпанға қараған түні тұман күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.