$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында автокөлік жүк пойызына соғылып, 3 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 20 ақпанда Бурабай-Шортанды учаскесінде болған.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында автокөлік жүк пойызына соғылып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 20 ақпанда сағат 6.45-те Бурабай - Шортанды учаскесінде болған.

 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

«Автокөлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан құрбан болғандар бар. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болды», - делінген хабарламада.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, минивэн жүргізушісінің шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржол жолымен жүріп өткені алдын ала анықталғанын мәлімдеді.

«Жол апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші, сондай-ақ минивэннің екі жолаушысы: 1975 жылғы әйел мен 1985 жылғы ер адам көз жұмды. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары