20.02.2023, 14:20

Шымкент тұрғыны InDriver жүргізушілері атынан несие рәсімдеген

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Полиция мәліметінше, қазір оның осындай тоғыз дерекке қатысы бар екені дәлелденді.

Полицейлер алаяқтық жолмен InDriver жүргізушілерінің дерегін алып, оларға шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Шымкент тұрғыны InDriver қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беремін деген желеумен жүргізушілердің жеке мәліметін - жеке куәліктерін, верификация үшін суреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алаяқтық жолмен алған. Содан кейін ол жәбірленушілерге шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция мәліметінше, қазір оның осындай тоғыз дерекке қатысы бар екені дәлелденді.