$ 498.34  519.72  4.85

6,4 балл: Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.

Дүйсенбі күні Түркияның Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, зілзаланың ошағы 2 км. тереңдікте жатыр.

Президент Режеп Тайип Эрдоған оңтүстіктегі Хатай провинциясында орналасқан Түркия үкіметі жанындағы Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының Үйлестіру орталығында болғаннан кейін Кахраманмараштағы зілзала кезінде 114 834 адамның құтқарылғанын мәлім етті. Сондай-ақ 1 млн 684 адам уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.

Оның сөзінше, бірінші кезеңде 100 мың контейнерлік үй пайдалануға беріледі. Олардың 65 мыңы құрылып жатыр. Қажет болған жағдайда олардың саны 200 мыңға жеткізіледі.

Президент жер сілкінген аймақта тұрып келген, қазіргі таңда палаткадан салынған үйлер мен модульді құрылымдарда тұрып жатқан адамдар жыл соңына дейін жаңа баспана алатынын мәлім етті.

Түркия басшысы наурыз айынан бастап, Хатай провинциясында 40 426 үйдің құрылысы баталатынын жеткізді. Олардың ішінде Кахраманмарашта – 45067, Адыяманда 25882, Газиантепте 18 544 ұй салынады.

Элязыг провинциясында 3 750, Аданда – 2 500, Килисте 250 үй салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#түркия