Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы Саратов әскери институтында оқыған курсанттың өліміне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ресейдегә әскери институтта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің 3-курс курсанты өзін-өзі атқан еді.
ІІМ мәліметінше, ол 2020 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, "Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген.
“ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген ІІМ хабарламасында.