$ 494.87  520.65  4.91

Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тоқтап тұр

Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.
Фото: svetland-oil.kz
Фото: svetland-oil.kz

Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (күшті дауыл, үлкен толқынға) байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалымен мұнай жөнелту тоқтатылды. Қазіргі уақытқа дейін Новороссйск портының капитанынан дауылға байланысты шектеу алынған жоқ. Болжам қолайсыз», - делінген консорциум таратқан ақпаратта.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы шамамен 1 млн тонна мұнайды құрайтын резервуар паркі толуға жақын. Сондықтан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мұнай құбыры паркінің бос бөлігін толтыруға және терминалдың резервтік паркіне бағыттау арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Консорциум мұнай тасымалдауды тоқтата тұруға мәжбүрлейтін тосын жағдай болса қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Соңғы кезде Каспий құбыр консорциумы жұмысында апаттар немесе тоқтап қалу жағдайлары жиілеген.

Өткен жылы қараша айында Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделді.

Одан кейін бірден екінші қондырғыны жөндеу басталды.

22 тамызда Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғаны хабарланған еді.

Жалпы айта кетсек, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұнай #Каспий