Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев спорттық мансабындағы әділетсіздіктер туралы сөз қозғады. Бұл туралы боксшы QAZAQ RING жобасына берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"2010 жылы Астанада өткен Қазақстан чемпионатында мен үшінші орын алып қалдым. Содан соң мені ұлттық құрамадан шығару туралы мәселе көтерілді. Сол кезде Мырзағали аға (Айтжанов - ред.) мені жақтап: "Ол әлі нәтиже көрсетеді", - деп тұрып алды. Ол ұлттық құраманың бас бапкері болып енді тағайындалған еді. Менің әлеуетімді бірден байқады. "Маған команда керек", - деді.
Жарты жыл өткен соң, мен өзім жеңілген боксшыдан есе қайтардым. Кейінгі нәтижені білесіздер, мен Олимпиада чемпионы атандым", - деді Сәпиев.
Сонымен қатар боксшы өз мансабында төрешілерден қысым көрген кезін еске алды.
"2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында төрешілер қысым көрсетті", - деді ол. Естеріңізде болса, аталған Олимпиадада Сәпиев таиландтық Манус Бунжамонгтан ұтылған еді.
Айта кетелік, 2010 жылғы Қазақстан біріншілігінде Серік Сәпиев қызылордалық Рустам Сыбаевқа есе жіберген болатын.