$ 443.44  480.51  4.88

Петропавлда мектептерде сабақ тоқтатылып, автобустар жолға шықпады

Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Жаңбырдың салдарынан жолдар көктайғаққа айналған. Қоғамдық көліктер жұмысқа әдеттегіден кеш шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Хабарламада әкімдік, қала тұрғындарын қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Қазір арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Көшелер мен тротуарларға сағат 5-тен  құм бастап төгілуде. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Қоғамдық көліктер өз бағыттарына кезең-кезеңімен шығады. Сондай-ақ, қаланың жұмыс берушілерінен қызметкерлердің кешігіп келу фактілеріне түсіністікпен қарауға сұраймыз", - делінген хабарламада.

Олар сондай-ақ көлік жүргізушілерін ұқыпты болуға, мүмкіндік болса, жолда келе жатқан адамдарды аялдамаларға апаруға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары