6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асқан. Бұл мәліметті Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) ресми сайтында жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, ТЖ салдарынан Кахраманмарашта, Газиантепте, Шанлыурфада, Диярбакырда, Аданада, Адыяманда, Османияда, Хатайда, Килисте, Малатья мен Элязыгада жалпы 42 310 адам қаза тапқан. Сондай-ақ жер сілкінісі болған аймақтардан 448 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
AFAD-тың хабарлауынша, қазір апат аймағында 14,7 мың құтқарушы мен 5,3 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. Олар әлі күнге дейін үйінділер астынан адамдарды іздеуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияда зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 5,8 мыңнан асқан.
Nur.kz