22.02.2023, 12:40

Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылды

Фото: 24.kz
Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр.

Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежай қаладан 2 шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр.

Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан аса адам пайдалана алады.