$ 441.66  475.14  4.86

Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасының 4 адамы көз жұмды

29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды.

Оның 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш баласы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары