22.02.2023, 21:30

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: baq.kz
таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Қазгидромет 23 ақпанда еліміздің басым өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Астана қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.

Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, облысының оңтүстігінде, шығысында қөқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.