$ 482.86  533.17  5.08

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде жарақат алып қалды

Ол жарақатына байланысты аталған жарыстағы өз ойынын үзуге мәжбүр болған.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол жарақатына байланысты аталған жарыстағы өз ойынын үзуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Федерацияның мәліметінше, Елена Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек болған (6 WTA). Алайда отандасымыз арқасындағы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, К.Гауфф автоматты түрде ширек финалға өтті.

Сондай-ақ Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан да сырт қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары