$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде құрылысы аяқталмаған үйге қоныстанғандар жауапқа тартылмақ

Бұл туралы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов мәлімдеді.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Бұл туралы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Құрылысы бітпеген үйлерге қоныстанғаны үшін қылмыстық жауапкершілікт енгізу мәселесі қосымша пысықтауды талап етеді, дегенмен, қосымша шаралар қабылданады, атап айтқанда, мемлекет үйді пайдалануға қабылдау шараларына қатысатын болады", - деді Ыдырысов Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда салынбаған үйлерге орналасқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2022 жылы осы бап бойынша заңсыздықтардың 228 фактісі анықталды.

ИИДМ басшысы орынбасарының айтуынша, мұндай бұзушылықтарға, ең алдымен, үйдің болашақ тұрғындарының өздері кінәлі, олар тезірек қоныстануға мүдделі. Бұған құрылыс компаниялары да келісе кетеді. Тұрғындар аяқталмаған үйге қоныстанып, содан кейін әкімдіктен коммуникацияларды: электр қуатын, су құбырын, кәрізді жылдам жүргізуді талап ете бастайды. Егер бұл орындалмаса, олар митингілерге шығады, әлеуметтік шиеленіс күшейеді.

"Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл бұлтартпау шарасы жеткіліксіз. Бақылау мен жауапкершілікті күшейту керек – айыппұл санкцияларын көбейту және күшейту керек", - деді Ыдырысов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары