23.02.2023, 16:20

Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтіріп кетті

Фото: t.me/ulysmedia
Жас жігіт өз кінәсін мойындады.

22 ақпан түнде Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды.  Тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады.    Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, ізінше жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 

Дереккөз: t.me/ulysmedia