$ 494.87  520.65  4.91

Ұялы байланыс тарифі үнемі қымбаттайды – Агенттік бұған тыйым салуды ұсынды

Агенттікке арызданып жатқан адамдар көп.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының әрекетіне байланысты осы саладағы қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттікке арызданып жатқан адамдар көп. Барлығы ұялы байланыс операторларының әрекетіне наразы. Олар тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемін арттырып, бағасын да бірден көтеріп отырады. Мәселен, бір тарифке кіретін Гб көлемін, дауыстық қоңыраулар минуттарын, SMS-хабарламаларды арттырады да, сол тарифтің бағасын да көтереді.

"Материалдарды талдаудан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де қызметтер көлеміне шамалы өзгеріс енгізетіні анықталды. Содан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады", - дейді мамандар.

Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс саласындағы уәкілетті органға тариф шарттарын өзгертуге тыйым салу туралы ұсыныс жолдады.

Тұтынушылар оператормен шарт жасасу кезінде келіскен тарифтік жоспарлардың шарттарын пайдалануға құқылы. Ал тарифтік жоспарының шарттарына қанағаттанбаған абонент өзіне қолайлы өзге тарифтік жоспарға ауыса алады.

Қазіргі кезде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі агенттік енгізген ұсынысты қарап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары