24.02.2023, 20:30

Елімізде Ми-8 типті тікұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Фото: pixabay
Бұл іс Бас прокуратураның қадағалауымен жүреді.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларының қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Апатқа ұшыраған әуекөлігіне ұшу сертификаты 2022 жылдың 3 мамырында берілген. 2021 жылы шығарылған тікұшақ бір ай бұрын ғана Атырау қаласында мерзімді техникалық тексерістен өткен. Алғашқы күрделі жөндеу 2030 жылға жоспарланған. Тікұшақ пайдаланылған сәттен бастап ұшуға жарамдылығына әсер ететін ақаулар мен ескертулер болмаған.

Жалпы «Қазавиақұтқару» мекемесінің базасына 33 тікұшақ бар. Қазір апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Көліктегі Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл іс Бас прокуратураның қадағалауымен жүреді.